19 сәуір күні колледжімізде "Eko-Bolashak" клубы ашылды. Клуб мүшелерінің тізімі жасалып, жұмыс жоспары бекітілді. Клубтың мақсаты жас ұрпақты табиғатты қадірлеуге шақыру, экологиямызды сақтауға тәрбиелеу. Қазірге таңда клуб мүшелері клуб жетекшісі және экология пәні оқытушысы Ж.С.Куатовамен бірлесе оқу орны ауласындағы көшеттерді күтіп, колледж ішінде орналасқан қысқы баққа жаңаша көрік беруде. Клуб жетекшісі биология пәні оқытушысы Есеева Ақмарал.