Әскерге шақыру жасына толған колледж студенттерінің әскери борышын өтеуіне қатысты өзгерістермен студенттерді таныстыру мақсатында кездесу болып өтті. Кездесу қонақтары: БҚО Әскери комиссариат басшысының орынбасары А.М.Беимуханов, Ә/Б 99250 сержанты М.М.Ермеккалиев, АСК корпоративтік қоры төраға орынбасары А.Қ.Қадырғалиев. Шараға 175 студент қатысты.