ОРАЛ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

"Ұлыстың ұлы күні-Наурыз" 14-23 наурыз аралығында жоспарланған Наурызнама онкүндігінің алғашқы күні "Көрісу күні-Амал мерекесі" болып өтті. Таң ертеңгісімен пән бірлестіктері бауырсақ, көже әзірлеп, көрісе келген студенттермен, әріптестермен қол алысып көрісіп, бір жасымызбен құттықтап, ізгі тілек тілеп, дәмді бауырсақпен балдай наурыз көжеден ауыз тиіп мәре -сәре болдық. Көрісу айт құтты болсын! Айттан айтқа жете берейік.

2/5