ОРАЛ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ
stopbullying logo
АЖ «Komek Stop Bullying»
Буллингті бірге тоқтатайық!

12 сәуір - Ғылым қызметкерлері күніне арналған «Ғылым әлемінде» атты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары студенттері арасында облыстық интеллектуалдық викторина ұйымдастырылды.
Мақсаты: студенттердің ғылымға құштарлығын, жалпы пәндерден және басқа танымдық тапсырмалар бойынша білімін және оларды жүйелеу арқылы жеңімпазды анықтау.
Міндеттері:
- студенттердің зеректік қабілеттерін дамытып ой өрісін кеңейту;
- білімге құштарлығын арттыру;
- озық ойлы студентті анықтау;
- тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру;
- ойын сабақтарға белсенділігін дамыту;
- жылдам әрі дұрыс шешім қабылдайтын және ойлау, ойды жүйелеу қабілеттерін дамыту;
Ойын ІV кезеңнен тұрды. ІІІ кезеңге бірінші екі кезеңнен ең жоғары балл жинаған бес оқу орны өтті. ІV кезеңге жоғары балл жинаган екі оқу орны шығып «Тапқыр болсаң, озып көр» деген кезеңде өз білімдерін шыңдап, «Мақсат» медициналық колледжі студенттері алға шықты.
«Мақсат» медициналық колледжі -Бас жүлде
Жоғары аграрлық техникалық колледжі-І орын
Орал политехникалық колледжі –ІІ орын
Индустриалды колледж және Орал «Сервис» технологиялық колледжі ІІІ орынды иеленді. Қатысқан оқу орындары Алғыс хаттармен марапатталды. Шараға 12 оқу орны қатысты.
Шараға әділқазылық еткен:
1. Сапиев Аңсар Амангелдіұлы- Республикалық жоғары техникалық колледжі жастар жұмысы жөніндегі комитетінің жетекшісі
2. Мухтарова Айдана Сайлаубековна- Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжінің психологі
3. Қайыржанов Темірлан Өміржанұлы- Республикалық жоғары техникалық колледжі «Өрлеу» дебат клубының жетекшісі.

Атауы Жүктеу
1
2/5