Алғыс айту парызым!
Алғыс айту халықтың жан тілі психологиясының қуатты болмысын дәлелдейтін, ризалық сезімін білдіретін бата – тілек дәстүрі. Кең пейілді қазақ халқы қашан да алғыс айтудан қашпаған.
Еліміздің шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады.
Орал политехникалық колледжінде «Алғыс айту» мерекесіне орай, жоспарға сай тәрбиелік шаралар ұйымдастырылуда Колледжде мереке күні «Алғыс айтамын»» акциясы ұйымдастырылды. Топ жетекшілері «Алғыс айтудың шегі жоқ!» атты сынып тәрбие сағаттарын өткізді. Колледж кітапханасында «Мейірім төгетін ана» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ, «Мен сізге бүкіл әлемді сыйлаймын!» ашық тәрбие сағатын топ жетекшісі Ф.М Даргалиева мазмұнды ұйымдастырды. «Күлімсіреу әлемді жарықтандырар» атты акциясының тәрбиелік мазмұны зор болоды. «Жүзіңнен нұр тұңған» мерекелік концерт өз дәрежесінде жақсы ұйымдастырылды.
Бүгінгі мереке күнін пайдалана отырып, әріптерстеріме «Жылы сөз», «қайырымды іс», «жақсы ой» кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен, ешқашан аямаңыздар, - дегім келеді
Бүгінгі «Алғыс айту» күні әріптестеріме сіздің сүйіспеншілігіңіз, қамқорлығыңыз, қолдауларыңыз, мейіріміңіз бен жомарттығыңыз үшін, кез келген істеріңізге зор қолдауларыңызға Алғысым шексіз!
Рахмет, Сіздерге!