19.11-27.11.2023ж. күндер аралығында Астана қаласында өткізілген «WorldSkills Kazakhstan 2023» VIII республикалық кәсіби шеберлік чемпионатына Орал политехникалық колледжінен «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының «Ағаш ұстасы және паркет жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша 3 курс студенті Мухитов Махсат Серікұлы «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» құзыреттілігі бойынша қатысып, «Үздік маман» (медальон) иегері болды. Жетекшісі-Шәңгереев Азат Галибекович.
Және де «Ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану» мамандығының «Құрылыс әрлеу жұмыстарының шебері» біліктілігі бойынша 3 курс студенті Жақсылық Рашит Ринатұлы «Бояу және сәндік жұмыстары» құзыреттілігі бойынша қатысып, «Үздік маман» (медальон) иегері болды. Жетекшісі- Нурмуханов Куаныш Берикович.