2023 жылдың 16 қараша күні «Экономикалық базалық білімін және кәсіпкерлік негіздерін қолдау» модулі бойынша ІІ курстың № 25 тобына өткізілген «Ақшаның мәні және оның пайда болу тарихы» тақырыбында ашық сабақ оздырылды. Оқытушы білім алушыларға сабақтың тақырыбымен, оқу мақсатымен және бағалау критерийлерімен таныстырды. Бейне баян арқылы ашық сабақ тақырыбын ашып айтты.. Ақшаның түрлері арқылы топқа бөліп алды. «Ассоциация», «Ашық микрофон», «Lays» әдістері арқылы тапсырмалар берілді. «learningapps» «Padlet.com» платформасы арқылы бүгінгі сабақты қорытындылады. Студенттердің жаңа сабақты қандай деңгейде меңгергені туралы кері байланыс жасалды.
Ақшаның мәні және оның пайда болуы
11/23/2023