2021 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай Орал политехникалық колледжінде "Тәуелсіз елдің ұрпағымын" атты колледжішілік дебат ойыны өтті. Дебатқа 2 курс студенттері қатысты. Мақсаты: білім алушыларды еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейту. Туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру. Ойын қорытындысы бойынша 1,2 орындармен және "Үздік оратор", "Ең тапқыр ойыншы" номинациясымен марапатталды.